Таразда халықаралық тарихи-археологиялық конференция өтті
Астана. 26 мамыр. BAQ.kz – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Жібек жолы және Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында» атты халықаралық тарихи-археологиялық конференция өтті.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтетін халықаралық конференцияның басты мақсаты – Ұлы Жібек жолы мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын, Қазақ хандығы дәуірінің тарихи-археологиялық мұраларын барынша ашық әрі жан-жақты зерттелуіне жол ашу, қазіргі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін талқылау.
Пленарлық мәжілісті Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурфықов Ерболат Байұзақұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов іс-шараның маңыздылығына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Одан соң баяндамалар оқылды. Түркияның Йылдырым Баязит университетінен Салих Йылмаз, Варшава университеті Археология институтынан (Польша) Михал Адамиак, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтынан Бауыржан Байтанаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден Берекет Кәрібаев, Қалқаман Жұмағұлов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен Айман Досымбаев сынды ғалымдар баяндама жасады.
Конференция жұмысы ертең секциялық мәжіліспен жалғасып, баяндамалар арнайы жинақ болып басылмақ.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Kaynak: https://baq.kz/kk/news/derekter/tarazda-halikaralik-tarihi-arheologiyalik-konferentsiya-otti-941
YENİ HABERLER
YORUMLAR
Henüz hiç yorum yapılmamış.